Футбол • 02 Мамыр, 2022

Ел біріншілігі: Тараз командасы көш бастады

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі тоғызыншы туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.



Ел біріншілігі: Тараз командасы көш бастады

Аталған турды Түркістанда «Мақтарал» мен «Тараз» кездесуі түйіндеді.

Турнир кестесінде көш соңында келе жатқан түркістандық клуб бұл жолы да қарсыласының ығына жығылды. Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Алғашқы кезең аяқталар тұста төреші «Тараз» қақпасына пенальти белгілеген еді. VAR жүйесіндегі видеоқайталаудан кейін төреші аталған шешімнен бас тартты.

Екінші кезеңде тараздық футболшылар шабуыл шебінде көбірек бой көрсетті. Нәтижесінде 77-минутта Мақсат Әмірханов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша «Тараз» сырт алаңда «Мақтаралды» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Бесінші жеңісіне қол жеткізген тараздық команда 17 ұпаймен турнир кестесінде көш басына шықты. Ал «Мақтарал» алтыншы мәрте жеңіліп, көш соңында қалып қойды.

Еске салсақ, бүгін, 2 мамырда «Ақтөбе» «Ақжайықты» 2:1, «Шахтер» «Тобылды» 4:1, «Ақсу» «Каспийді» 2:0 есебімен ұтты.



Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15