Қазақстан • 03 Мамыр, 2022

Жаңа Қазақстан өзімізден бастау алады

749 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Этномәдени бірлестіктер және Ассамблеяның барлық құрылымы – жаңа реформаларды құрудағы өте маңызды азаматтық ресурс. Ең алдымен, Жаңа Қазақстанды құруды өзімізден бастауымыз керек деген нақты түсінік бар. Алда күрделі жұмыс күтіп тұр, және біз жаңартудың барлық үдерісіне толық көлемде қатысуға дайынбыз.

Жаңа Қазақстан өзімізден бастау алады

Бірінші және ең бастысы, бұл этнос­аралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыс. Біздің бірлігіміз – әралуан­дылықта. Жалпыұлттық құндылықтар қашан­да алдыңғы қатарға шығады. Біз Ассам­блеяға қатысты айтылған сын туралы білеміз. Ол бірде әділ айтылып, онымен келісеміз. Бірақ, айта кетерлік жайт, көп нәрсе PR үшін жасалмайды. Бүгінде Ассамблея күрделі сынақтан өтті деп сеніммен айта аламын. Этномәдени бірлестіктердің мыңдаған көшбасшысы мен медиаторы қиын сәттерде халықпен жұмыс істеп, жанжалдардың алдын алуға тырысады, сындарлы диалог жүргізеді. Халықтың даналығы ең қиын кездерде білінеді. Этносаралық қатынастар саласының нәзік және шектен шығуы оңай екенін бәріміз де білеміз. Дегенмен Қазақстанда этносаралық қақтығыстар жоқ екенін атап өтуім керек. Елдің мызғымас ше­ка­расы бар. Біз өзімізді тәуелсіз Қазақ­станнан тыс елестете алмаймыз. Кейбір арандатушылар күнделікті жанжалдарды пайдакүнемдік мақсатта пайдаланады. Бұл ретте Ассамблеяның әдеттегі қарапайымдылығы мүлдем орынсыз деп санаймын. Мұны түзетуіміз керек.

Жұмыстардың тағы бір белсенді бөлігі – халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау. 2021 жылдан бастап осы күнге дейін 150 мыңнан астам азаматқа 1,3 млрд теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. Бұған шамамен 13 мың адамнан тұратын Аналар кеңесі көмектесті. Бұл бағыттағы жұмыс Президенттің бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қорының маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді.

Үшінші бағыт – бүгінде еліміз үшін аса қажетті прогрессивті реформаларды қоғамдық қолдау. Әрбір этноорталық бір мақсатпен біріктірілген азаматтар қауым­дастығы болып саналады. Біз өзі­міздің тарихи тамырымызды тұрақ­ты әрі гүлденген Қазақстанда ғана сақ­тап қалуға болатынын түсінеміз. Сон­дық­тан, ең алдымен, ел бірлігіне қамқор­лық жасауымыз керек. Жақында 200-ден астам кәсіпкер қатысқан ҚХА Кә­сіп­керлер қауымдастығының жиналы­сында барлығы тарихи шығу тегі бар елдердің серіктестерімен бір­лес­кен кәсіпорындарды дамыту жөнін­дегі ұсынысты қолдады. Атап айтқан­да, корейлер қауымдастығында жаңа техно­логияларды тарту бойынша Оңтүс­тік Кореямен жұмыс істейтін «Инвес­тикс» компаниясы құрылды. Ассам­блеяда әлеуметтік маңызы бар халық жоба­ларын әзірлеуге көмектесетін жобалық кеңсе құруды ұсынамын. Қазір біз қоға­мы­мыздың қалай жанданғанын, жаңа одақ­тар мен бірлестіктердің пайда болға­нын көріп отырмыз. Бұл өте жақсы. Мем­лекет азаматтардың белсенділігі мен жақ­сы өмірге деген ұмтылысын қолдай­ды. Нақты бағдарламалар бар. Әрқай­сы­мыз­дың қасиетті міндетіміз – осы тағдырлы процеске өз үлесімізді қосу. Қай жерде жұмыс істесек те, этностық шығу тегіне қарамастан, бәріміз де Ұлы дала баласы, Қазақстан азаматтарымыз. Біз және біздің ұрпақтарымыз осында тұрады.

Жаңа Қазақстанды құруда алға қойылған мақсат саяси инновациялардың, азаматтық бастаманың және кәсіпкерлік энергияның синергиясын талап етеді. Сондықтан барлығыңызды сөзден іске көшіп, жаңа реформалар беретін мүмкіндікті пайдалануға шақырамын.

Сергей ОГАЙ,

Қазақстан корейлері қауымдастығының басшысы