Экология • 03 Мамыр, 2022

Итбалықтар неден қырылды?

636 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше ғана қоқиқаздар өлексесі табылған Маңғыстауда енді итбалықтар өлімтігі табылды. Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті биыл 26 сәуірде әлеуметтік желілердегі ақпаратқа мониторинг жүргізу барысында, Каспий теңізінің жағалауында «Қаражанбас» кен орнының су бөгеті маңында итбалықтардың 50-ге жуық өлімтігі табылғаны туралы ақпаратты анықтайды.

Итбалықтар неден қырылды?

Оқиға орнына Жайық-Кас­пий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инс­пекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары жедел жіберіліп, жауапты мемлекеттік органдар арасында 2021-2022 жылдарға арналған өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес су жануарларының жаппай қырылу және қауіп-қатерін анықтау үшін жұмыс тобы құрылады. Сондай-ақ осы мақсатта облыстық құқық қорғау, табиғат қорғау органдарына, прокуратура, ветеринария, жергілікті атқарушы органға, экология және төтенше жағдайлар департаментіне жедел хабарланады.

– 2022 жылы 26 сәуір са­ғат 23:00-ге дейін келіп түс­кен ақпаратқа сәйкес теңіз жа­ға­лауының әрбір жерінде жат­қан 22 өлі итбалық табыл­ды. Итбалықтардың өлу се­беп­терін анықтау үшін олар­ды зертханалық тексеру­ге алу мүмкіндігі инспекция қыз­меткерлерімен қарас­ты­рылуда. Өйткені олардың денелері ыдырау күйінде. Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасы­ның инспекторлары балық ша­руашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметімен бірлесіп, Каспий теңізінің жағалау аймағы мен басқа да учаскелерге бақылау жасауда. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін балық қорғау инспекторлары бірнеше итбалықты, теңіз суы мен топырақтан сынама алды, дейді бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті баспасөз қызметі өз хабарламасында.

Сынамалар Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті мен ветеринарлық қызметіне тапсырылады. Ал аталған органдар қызметкерле­рі Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы басқармасы өкілдерімен бірге оқиға орнына шығуды жоспарлауда. Маңғыстауда орын алған атал­ған факті туралы БҒМ Ғылым комитетінің «Микробиоло­гия және вирусология инсти­туты» зертханасының қыз­мет­керлеріне, сондай-ақ «Гид­о­биология және экология инс­титуты» Батыс Қазақстан ме­ке­месінің қызметкерлеріне ха­бардар етілген. «Жағалауды бақы­лау жұмыстары жалғасу­да. Жаңартылған ақпарат қосым­ша жарияланатын болады», дейді экология департаменті. Яғни «Қаражанбас» кен орны­ның су бөгеті аймағында итба­­лықтардың неден жаппай қы­­рылғанын жұмыс тобы анық­тайды.

Қоқиқаздар құмда шөлден өлді дейік, ал теңіздегі ит­балық­тар неден өлді?