Әлем • 03 Мамыр, 2022

Грузияда жер сілкінді

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияда 5,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грузияда жер сілкінді

Грузияның Ұлттық сейсмикалық мониторинг орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 23:35-те тіркелген. 

Мәлімдемеде жер сілкінісінің эпицентрінің Квемо-Картли аймағындағы Дманиси қаласы болғаны және жер сілкінісінің Грузия астанасы Тбилисиде сезілгені жазылған.