Аталмыш кездесудің басты мақсаты – болашақ жүргізушілерге теміржол тораптарын кесіп өткен кезде, өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндірмес үшін, жол жүру ережелерін сақтаудың қаншалықты маңызды екендігін жан-жақты түсіндіріп, және бір пысықтап алу еді.
– Қазіргі кезде теміржол тораптарындағы жол қауіпсіздігін сақтау өте маңызды мәселе болып тұр, – деп тұжырымдайды «Локомотив» АҚ-тың вице-президенті Иван Костыря. Оның келтірген деректеріне сүйенсек, жыл сайын теміржол жылжымалы құрамының қатысуымен адамның жарақат алуына және өліміне әкеп соғатын 30-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркеледі екен. Тек өткен жылдың өзінде ғана соның салдарынан 7 адам мерт болыпты. Теміржол торабындағы автомобильдің пойызбен соқтығысуының соңы әркез қайғылы аяқталады. Өйткені, пойыздың салмағы жеңіл көліктікінен 1000 есе үлкен болса, тежегіш жолының ұзындығы 500-ден 1000 метрге дейін барады.
Осы орайда Иван Костыря жүргізушінің кінәсінен теміржол жұмысшысы қаза болған жайтты тілге тиек етті. Бұл оқиға 2013 жылдың 16 қарашасында Ақтау қаласының маңындағы теміржолдың Маңғыстау бөлігіндегі Тамақ–Маңғышлақ өткелінде орын алған. Жүк көлігі мен автожанармай тасығыштың соқтығысуы салдарынан мұнай құйылған 18 цистерна мен тепловоз жолдан шығып кеткен. Ақырында тепловоз бен 10 цистернаның түгі қалмай жанып, тепловоз машинисінің көмекшісі қаза тапты. Ал машинисті күйік шалып, ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Абырой болғанда, оттың ортасында жүрсе де теміржолшылар диспетчерлік аппарат пен жақын келе жатқан құрамның локомотив бригадасына өрт туралы алдын ала ескертіп үлгерген. Олар осы әрекетімен үлкен қатердің алдын алды. Алайда, жүргізушінің немқұрайдылығы кесірінен өз өмірі мен денсаулықтарын құрбан етті.
Қаза тапқан машинистің көмекшісі Нұрболат Жасанов көзі тірі болса сәуір айында 25 жасқа толар еді. Ол Қазақ көлік және коммуникация академиясының түлегі. Теміржолға жұмыс істеуге 2011 жылы келген. Нұрболат пойызды өзі жүргізуді де армандайтын. Сөйтіп, 2013 жылдың шілде айында ол Ақтөбе оқу орталығында тепловоз машинисі курсын бітірген болатын.
Ал 35 жастағы машинист Берік Күлбарақов теміржолда 2003 жылдан бері еңбек етіп келген. Ол 2 қыздың әкесі. Қазіргі кезде Берік Күлбарақов сауықтыру курсынан өтіп жатыр.
Кездесу барысында «Локомотив» АҚ өкілдері қазақстандық көлік жүргізушілерді жолда қырағылық танытып, ережені қатаң сақтауға шақырды. Иван Костыря өз сөзінде «жүргізушілер теміржол тораптары ең қиын да қауіпті бөлік екендігін естен шығармағаны жөн», деп атап өтті.
Сондай-ақ, кездесу барысында автокөлік жүргізушілеріне теміржол тораптарын кесіп өтудің ережесі жазылған жадынамалар таратылды.
Үмітжан ЖАПАР.

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 13:10
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35