Ақтауда 200 пәтерлік жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Бес қабатты үйлердің тұрғындары – жастар, яғни жас отбасылар.
«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жас отбасыларға арнап салынған тұрғын үйдің бірі – 100 пәтерлі үй иелеріне жыл басында тапсырылған болатын. Бұл жолы 40 пәтерлік 5 үй қожайындарын қарсы алды. Өңірде қазір тұрғын үй салу ісі қарқынды күйде. Өткен жылы Маңғыстау облысында 532 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Сондай-ақ, мерзімінде лайықты пайдаланылмаған 24 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған соң, осы жерден жаңа шағын ауданның жоспары жасақталып, инфрақұрылымдарының жобалары сызылған. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясындағы үйлер бой көтереді деп жоспарланған жаңа шағын ауданда жыл басында 40 пәтерлі және 60 пәтерлі тұрғын үйлердің іргетасы қаланған болатын. Талай отбасыны үйлі қылуға талаптанған бағдарлама шеңберінде Ақтау қаласында өзге де жаңа тұрғын үйлер құрылыстары жүрмек. Салтанатты сәтке қатысқан аймақ басшысы А.Айдарбаев жас отбасыларды қуанышымен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру бағытындағы игілікті істің жалғасын табатындығын айтты. Тәуелсіз еліміздің жастары баспаналы болды. Отау көтеріп, өз алдына шаңырақ тікті десек жарасады. Алайда, замандастарына қызыға көз салып, алыстан жабырқай қарап тұрған жан қаншама әлі?! Бәрі үйлі болса екен... Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». АҚТАУ.Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32