Оқиға • 04 Мамыр, 2022

Павлодарда жоғалып кеткен жігіттен әлі хабар жоқ

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны 4 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда жоғалып кеткен жігіттен әлі хабар жоқ

27 жастағы Дархан Байтоктың анасы полиция қызметкерлеріне 30 сәуір күні келіп, көмек сұраған. Оның айтуынша ұлы сол күні сағат 3:00-ден бері хабарсыз кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел-тергеу тобын құрып, өңірдегі бүкіл аумақтық бөлімшелерге, сондай-ақ облыстардың полиция департаменттеріне хабар берді.

«Бірінші күннен бастап жоғалған адамды табу үшін іздестіру шаралары жүріп жатыр. Иесіз үйлер, елсіз жерлер, су айдындары, қамыс қопалары, шалғындар, сай-шұңқырлар, ауыл шетіндегі жерлер, қараусыз қалған құрылыстар, пішен сарайлары қаралған. Далалы жерлерді шолуға квадракоптер қолданылды. Полицияда профилактикалық есепте тұрған адамдардың тұратын жері тексеріледі. Бұл жұмысқа еріктілер мен жанашыр азаматтар, ауыл тұрғындары қосылды. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», деп жазылған полицияның хабарламасында.