Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілдері аталған тізімде өз позицияларын жақсартты.
Сонымен, Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко 26-шы (бұрын 37-ші орынды иеленген) орынға көтерілсе, Айдос Кенжеғұлов – 249-шы (358), Зәуреш Акашева – 118-ші (151), Айя Әлімбаева – 221-ші (536), Сарвиноз Мірқадырова – 237-ші (647) болды.
Ал Алан Құрманғалиев рекордтық көрсеткіш көрсетті. Ол 1269-шы орыннан бірден 298-ші орынға бір-ақ көтерілді.