Парламент • 04 Мамыр, 2022

Айдос Сарым Мәжілістегі басқа комитетке ауысты

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айдос Сарым палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Айдос Сарым Мәжілістегі басқа комитетке ауысты

«Парламенттің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңның 17-бабына сәйкес, Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысу туралы өтініші түсті. Осыған байланысты депутат А.Сарымның аталған комитетке ауысуы туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынамын», деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған өтінішке қолдау білдірді.