Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес, ЕАЭО-ның мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт қабылданғанға дейін, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жекелеген екіжақты келісімдермен реттеледі. 2020 жылғы 16 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің уәкілетті ұйымдарды тарта отырып, Қазақстан аумағынан Арменияға жеткізілімдерді жүзеге асыруы үшін Тараптар қажетті жағдайлар жасайды. Өздеріңізге белгілі, Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы сауда экспорттық кедендік баж салығын төлемей, кедендік бақылаусыз жүзеге асырылады», деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Оның айтуынша, осы келісімде мұнай өнімдері саудасының іс жүзіндегі ерекше режимі белгіленген және Қазақстаннан Арменияға мұнай өнімдерін әкету кезіндегі бақылау тетіктері қамтылған. Осындай тетіктер артық мұнай өнімдерін Арменияның неғұрлым артықшылықты нарығында өткізуге мүмкіндік береді, бұл мұнай өнімдерінің ішкі теңгеріміне оң әсер етеді және Қазақстанның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің түсімін арттырады.
«Сондай-ақ Қазақстан Республикасынан мұнай өнімдерін әкетуді ретке келтіреді және ішкі нарықты Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне мұнай өнімдерінің бақылаусыз ағынынан қорғайды. Бұл ретте, қажет болған жағдайда, Келісімде Қазақстан ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ішкі нарықты қорғау мақсатында индикативтік теңгерімдермен бекітілген көлемдер асып кеткен жағдайда, форс-мажор жағдайларында, сондай-ақ Армения өз аумағынан қазақстандық мұнай өнімдерін үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне әкету тыйымы бойынша міндеттемелерін бұзған кезде, Қазақстан біржақты тәртіппен Арменияға мұнай өнімдерін бажсыз жеткізуді тоқтата алады немесе шектей алатыны көзделген. Сондықтан біздің ішкі нарығымыз үшін тәуекелдер жоқ», деді министр.
Атап айтқанда, құжат аясында Қазақстанның ішкі нарығын мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету басты басымдық болып саналатынын атап өткен жөн.
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Заңға сәйкес, министрлік ай сайын ішкі нарыққа қайта өңдеу үшін мұнай жеткізу жоспарын бекітеді және артық мұнай өнімдері болған жағдайда, Арменияға осындай жеткізілімдер жүзеге асырылатын болады», деді Болат Ақшолақов.
Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша 445 адам сотталды
Қазақстан • Бүгін, 19:02
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысы сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 18:40
ҚТЖ мен Әлия Назарбаева арасындағы келісімшарт күшін жояды
Қазақстан • Бүгін, 18:22
«Кселл» және «Мобайл Телеком-Сервиске» қатысты тергеу басталды
Оқиға • Бүгін, 18:01
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді
Коронавирус • Бүгін, 17:48
Қазақстан міндетті цифрлық таңбалауды енгізуге мораторийден бас тартты
Үкімет • Бүгін, 17:32
Елордада «ХАТ» философиялық драмасының премьерасы өтеді
Өнер • Бүгін, 17:20
Биыл елімізде 9 жаңа ұшақ сатып алынады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Елордадан бірқатар қалаға қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 16:55
Қазақстан тағы 73 жолаушылар вагонын сатып алады
Қоғам • Бүгін, 16:48
Қызыл кітапқа енген арқарды атқан браконьер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:37
Мүгедек балаларға бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Ақтауға туристерге арналған чартерлік рейс қатынай бастады
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:01
Санкциялық тізімдегі тауарларға тұрақты мониторинг жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Ұлттық банк төлем карточкаларының жаңа жүйесін іске қосты
Қаржы • Бүгін, 15:31
Қызылордада 19 адамды алдап соққан алаяқ қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 15:20
Ел экономикасына үлес қосатын инвестор көбейді
Экономика • Бүгін, 15:11
«Сергек» жобасы 2023 жылдың соңында аяқталады
Қоғам • Бүгін, 14:57
Ақтауда қоғамдық көліктер 100 пайызға жаңарды
Аймақтар • Бүгін, 14:49
Алматыда тұрғын үйдегі лифт құлап, бір адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 14:38
Абай облысы Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:28
Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетелдік елден шығарылды
Қоғам • Бүгін, 14:20
Павлодар облысында мемлекеттік шекараны заңсыз өткен ресейлік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:08
ИИДМ-де комитет төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:28
Оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзарту ұсынылды
Білім • Бүгін, 12:50
«Оператор РОП-тың» бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды
ANTIKOR • Бүгін, 12:42
Ұлттық банк ақша-кредит саясатын күшейтуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 12:30
Ақтауда мұнай-газ жабдықтарын өндіретін зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Қошанов: Парламенттің екінші сессиясы маңызды шешімдерге толы болды
Парламент • Бүгін, 12:10
Қазақстанда жетім балаларға қамқоршы тағайындау рәсімі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 11:58
Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысады
Аймақтар • Бүгін, 11:43
Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды
Үкімет • Бүгін, 11:38
Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін
Коронавирус • Бүгін, 11:25
Қазақстанның 430 әскери қызметшісі БҰҰ бітімгершілік миссиясына жіберіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:13
Алматыда «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Парламент депутаттары каникулға кетті
Парламент • Бүгін, 10:56
Жайық өзеніне бекіре тұқымдас 3,5 млн балық шабағы жіберілді
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Атырауда дизель отынын заңсыз сатқан ЖШС басшысы сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:23
Ұқсас жаңалықтар