Спорт • 04 Мамыр, 2022

Алматыда бокстан халықаралық турнир өтеді

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда бокстан халықаралық турнир өтеді

Аталған бәсеке 10-15 мамыр аралығына жоспарланған. 

Айта кетерлігі, қазіргі таңда бокстан Қазақстан құрамасы халықаралық жарыс алдындағы оқу-жаттығу жиындарына қатысып, дайындықтарын пысықтап жатыр. Былғары қолғап шеберлерінің оқу-жаттығу жиындары Алматы облысында орналасқан "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында өтуде. 

Аяна Тоғанбек