Теннис • 04 Мамыр, 2022

Қазақстандық жас теннисші Еуропа рейтингінде көш бастады

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Tennis Europe ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турниріне орай жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандық жас теннисші Еуропа рейтингінде көш бастады

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 14 жасқа дейінгілер арасында Заңғар Нұрланұлы бұрынғысынша көш бастап келеді. Оның еншісінде 520 ұпай бар.

Жалпыеуропалық рейтингте Заңғар 4-орында қалды. Ал Қазақстанның басқа жас жұлдыздары Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков өз көрсеткіштерін жақсартты. Даниэль 37-інші, Дамир 39-сатыға көтерілді.

Жуырда Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында Азия/Тынық мұхит аймағы бойынша өткен іріктеу турнирінде осы теннисшілер 3-орынға ие болып, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Аяна Тоғанбек