Бүгін, 14 сәуір күні Орталық коммуникациялар қызметiнде Премьер-Министрдiң орынбасары – Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов баспасөз мәслихатын өткізді. Онда ел экономикасын дамыту шаралары сөз болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Брифингке Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев қатысып, журналистердің сан алуан сұрақтарына жауап берді. Ел экономикасының бір қалыпты дамуы туралы әңгімелеген вице-премьер, Елбасының тапсырмасы бойынша, экономикалық дамуды әртараптандыру шаралары негізді жалғасып жатқаны жөнінде айтты. Өз кезегінде елімізде өткiзiлгелi отырған көлеңкелi экономикадағы қаражатты заңдастыру шарасы туралы да әңгімеледі. Бұл жолғы мүлiктiң заңдастырылуы да 2006-2007 жылдарда өткен шараға ұқсас болады екен. Қазіргі таңда соның негiзiнде заң жобасы дайындалып жатқан көрінеді. «Ал жария етiлетiн ақшаға келетiн болсақ, ол табыс болып саналмайды. Сондықтан оған салық салынбайды. Мұнымен бірге, жария еткен тұлғалар қылмыстық, әкiмшiлiк және тәртiптiк жауапкершiлiкке де тартылмайды. Осы шара барысында жария етiлген қаражаттар туралы жеке ақпараттардың құпиялығы сақталады. Сондай-ақ, салықтық, қызметтiк материалдар да құпия күйінде қалады», - дедi Үкімет басшысының орынбасары. Вице-премьердiң айтуына қарағанда, заңдастырылған қаражат екiншi деңгейлi банктерде орналастырылады. Және оған байланысты баламалы құралдар да ұсынылатын болады. Ол туралы «Егер адамдар депозитке ақшаларын салғысы келмесе, онда өзге құралдарды сатып алу құқығы берiледi. Атап айтқанда, Қазақстан экономикасына құя алады. Мәселен, мемлекеттiк құнды қағаздарды, екiншi деңгейлi банктердiң облигацияларын сатып ала алады. Бұлармен бірге ұлттық компаниялардың, даму институттарының акцияларын, халықтық IPO арқылы мемлекеттiк меншiктегi компаниялардың бағалы қағаздарын алуына болады. Сондай-ақ жекешелендiрудiң екiншi толқыны аясында мүлiктi жеке меншiгiне сатып алуына мүмкіндік жасалады», - дедi Б.Сұлтанов. Ел азаматы ақшасын жоғарыда аталған құралдарға да жұмсағысы келмесе, қаражатты депозиттен шешуiне ырық берілмек. Бiрақ банк ол сомадан 10 пайыздық алым алады. Бұл салық емес, қазақстандықтарды ел экономикасына инвестициялауға ынталандырудың бiр құралы көрінеді. Депозитте сақталса, ол банктiң қорын көбейтедi, егер мемлекеттiк нысандарға жұмсалса, ел экономикасының деңгейiн жоғарылататынын айтты, вице-премьер. Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, заңдастыруды оңтайлы жүргізу мақсатында, Үкiметте арнайы жұмыс тобы құрылыпты. Нұрбай Елмұратов. Дереккөз: egemen.kz.Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
