Оқиға • 04 Мамыр, 2022

Алматыда жанармай құйылған автоцистерна өртенді

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жанар-жағармай құйылған автоцистерна отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда жанармай құйылған автоцистерна өртенді

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне бүгін кешкі сағат 20:20 шамасында Жетісу ауданына қарасты Ангарская көшесі 97 А мекенжайындағы өрт туралы хабарлама түскен.

«Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жоғары рангі бойынша өрт сөндіру жұмыстарына жұмылдырылды. Жетісу ауданында жанар-жағармай құйылған автоцистерна отқа оранды. Өрттің жақын орналасқан вагон типті цистерналарға, резервуарға таралу қауіпі бар», деп хабарлады ведомствадан.

Оқиға орнында жеке құрам қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеп жатыр. Жедел штаб құрылып, көрші резервуарларды салқындатуға өрт оқпандары берілді. Өртті сөндіруге 28 техника мен жеке құрамның 80 адамы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15