Қазақстан • 05 Мамыр, 2022

Жаркенттіктер жаңаруды жақтайды

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Қазақстан халқына арнаған Жолдауы күллі еліміздегі сияқты біздің жазиралы Жаркент жұртшылығының да жаппай қолдауына ие болып отыр.

Жаркенттіктер жаңаруды жақтайды

Бұл тарихи құжат мемле­кеті­міздің саяси жүйесінің түбе­гейлі жаңарып, жаңғы­рып, оның қарапайым халық үшін ашықтылығын, сонымен қатар бұқара алдындағы есептілігін арттыруға даңғыл жол ашады. Жолдау еліміздің бұдан бы­лайғы даму стратегиясы мен бола­ш­ақтағы бағдарын анықтап, «Жаңа Қазақстанның» қазіргі сипатын, сондай-ақ келешектегі кемел бағытын айқындап берді.

Жолдауды талқылауға ар­нал­­ған жиында аудан әкімі М.С­ағым­бек аудан ақсақал­дары, әйелдер кеңесі, жас­тар қауымы, этно­мәдени бір­лес­тіктер, үкі­мет­тік емес ұйым­дар, тағы бас­қа да қоғам­дық мекемелер өкіл­дерінің, сонымен бірге жер­гілікті ат­қарушы орган қыз­­мет­кер­лерінің алдында тұр­ған мақ­сат-міндеттерге тоқтал­ды. Социалистік Еңбек Ері К.Айт­жанова, аудандық мәсли­хат хатшысы Е.Шоқпаров, Amanat партия­сы аудандық филиа­лы­ның атқарушы хатшысы Қ.Досмаилов, аудандық қоғам­дық келісім кеңесі төр­аға­сының орынбасары С.Сол­тан­құлов, аудандық аналар ке­ңесінің төрайымы К.Берді­ғұлова, аудандық ұйғыр эт­но­мәдени бірлестігінің мү­шесі Қ.Ашимова және осы тәрізді ел-жұрттың арасын­да беделі биік тұлғалар да тұр­ғындармен тікелей бетпе-бет кездесулер мен әлеуметтік желілерде Жолдау жайлы лебіздерін ортаға салды. Қара­пайым көпшілік те олар­дың оң ой-пікірлерін қолдай­тын­дықтарын білдірді.

Жалпы, ауданда Мемлекет бас­шысының халыққа арна­ған Жолдауын тұрғындар арасында түсіндіру бойынша 14 ақпараттық-насихаттық топ құ­ры­лып, оларға аудан әкімінің орын­ба­сар­ларынан бастап, бөлім басшыларына дейінгі лауазымды тұлғалар жетекшілік етеді. Бұл топтар­дың аудан орталығы – Жар­кент қаласында, сонымен қатар ауылдық округтердегі бар­лық елді мекендерді аралап жүргізетін жұмыс кестесі бекі­тілген. Топ мүшелері қазіргі күндері жұртшылық арасында өз жұмыстарын барынша жандандырып жүр.

 

Марат ИЛИПОВ,

Панфилов аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы