15 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №792

279 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 1. «Қазақстан Республикасының аудан­дық маңызы бар қалалары, ауылдық округ­тері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 424-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауыл­дық округтері, ауылдық округтің құрамына кір­мей­­тін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағи­даларында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Әкімдердің сайлауына әзірлікті және оны өткізуді ұйымдастыратын сайлау органдары облыстық, аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары болып табылады.»; мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толық­тырылсын: «8-1. Облыстық сайлау комиссиясы: 1) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 2) төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларының қызметіне басшылық етеді; олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген мемлекеттік бюджет қаражатын олардың арасында бөледі; төменгі тұрған аумақтық сайлау комис­сияларының қызметіне қажетті материалдық-тех­никалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде құрылған төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешімдерін орындауын ұйымдастырады; 3) сайлауға әзірлікке және оны өткізуге байланыс­ты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерін, сондай-ақ сайлау туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер органдарының ақпаратын тыңдауға құқылы; 4) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыр­күйек­­тегі Қазақстан Республикасының Консти­ту­циялық заңына сәйкес басқа да өкілеттік­терді жүзеге асырады.»; 9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «әкімдердің сайлауын тағайындайды және оның өткізілуін қамтамасыз етеді;»; 13-тармақ мынадай мазмұндағы екін­ші бөлікпен толықтырылсын: «Жергі­лікті қоғамдастықпен консультациялар тиіс­ті аудандық (қалалық) сайлау комиссия­сы тағайындаған сәттен бастап жүргізі­луі мүмкін.»; мынадай мазмұндағы 14-1-тар­мақ­пен толықтырылсын: «14-1. Аудан (қала) әкімі әкімдікке кандидаттарды ұсыну туралы ұсынымын аудандық (қалалық) сайлау комиссиясынан дауыс беруге кемінде екі күн қалғанда кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайларда тиісті аудандық (қа­лалық) сайлау комиссиясы кандидатты тір­ке­мейді не кандидатты тіркеу туралы шешім­нің күшін жояды және қабылданған шешім туралы аудан (қала) әкіміне хабарлайды.»; 40-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және қызметіне: сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысы; жалақыға үстемеақы; техникалық қамтамасыз ету (компьютерлер, ұйымдастыру техникасын сатып алу, жабдықтарды жалға алу және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ дауыс беруге арналған кұрал-жабдықтарды сатып алу және жасау); көлік шығыстары; бұқаралық ақпарат құралдарында жария­лау; байланыс қызметтері, почта-телеграф шығыстары; полиграфиялық шығыстар; кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәміздер үшін материалдар сатып алу;»; 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «45. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімінің сайлауын Қазақстан Республикасының тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттік мерзімінің аяқталуына кемінде қырық бес күн қалғанда тағайындайды. Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап үш ай ішінде сайлау өткізіледі.»; 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «46. Әкімдердің сайлауында дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Консти­туциялық заңында белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес, осы Қағидалардың 46-1-тармағында белгі­ленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толық­тырылсын: «46-1. Таңдаушылардың дауыстары тең болған жағдайда, қайта дауыс беру өткізіледі. Қайта дауыс беру сайлау күні өткізіледі.»; 55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «55. Егер сайлау жарамсыз деп танылса не қайта дауыс беру сайланған кандидатты айқындауға мүмкіндік бермесе, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.»; 60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «60. Облыстық, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы таңдаушылардың тізімдерін жасау қағидалары, дауыс беру және дауыстарды санау, сайлау қорытындыларын анықтау тәртібі бұзылған, осы Қағидаларды басқа да бұзушылықтар орын алған жағдайда, егер бұл іс-әрекеттер таңдаушылардың ерік білдіру нәтижелерін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейтін болса, әкімдер сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкін.». 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 9 сәуір.  №792