Футбол • 05 Мамыр, 2022

«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасы финалына жолдама алды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның «Реал Мадрид» клубы футболдан UEFA Чемпиондар лигасы финалына берілген екінші жолдамаға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасы финалына жолдама алды

Жартылай финалдың екінші жұбында «Реал Мадрид» (Испания) мен «Манчестер Сити» (Англия) шеберлік байқасты.

Ойын барысында испаниялық клуб гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Дегенмен алдымен голды «Манчестер Сити» футболшысы Рияд Марез 73-минутта соғып кетті. Оған «Реал Мадрид» сапынан Родриго 90, 91-минуттарда қос голмен жауап берді. Төреші қосқан овертаймда Карим Бензема 95-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Испаниялық клуб қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Манчестер Сити» 4:3 есебімен жеңген болатын. Қос ойынның қорытындысымен «Реал Мадрид» финалға жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын финалға Англияның «Ливерпуль» командасы шықты. Олар жартылай финалда Испанияның «Вильярреалын» (2:0, 3:2) сүріндірді.

Айта кетсек, Чемпиондар лигасы финалына «Реал Мадрид» 17 мәрте шығып, оның 13-де кубокты төбесіне көтерді.