Тағайындау • 05 Мамыр, 2022

Екібастұз МАЭС-1-дің бас директоры ауысты

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа басшы бұған дейін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының аппаратын басқарған, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұз МАЭС-1-дің бас директоры ауысты

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Б. Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1 бас директоры қызметіне  Ержан Ертаев тағайындады.

Ол 1985 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 2008 жылы ИнЕУ-ді өнеркәсіптік жылу энергетикасы және 2012 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Павлодарлифт» ЖШС электромеханигі болып бастады, кейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы болды.

Әр жылдары Ержан Ертаев Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде, комитеттің Ақмола және Қарағанды облыстары бойынша аумақтық департаменттерінде, Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында басшылық қызметтерді атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10