Бұл елдерге 2024 жылға дейін Ресейден мұнайды импорттауға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Брюссельде Еурокомиссияның ресми өкілі Эрик Мамер мәлім етті.
Еске салайық, бұған дейін Еурокомиссия Еуроодақ Кеңесіне Ресейге қарсы санкциялардың 6-топтамасын жолдады. Шектеу шараларының ішінде жарты жылдан кейін Ресей мұнайына эмбарго, ал 2023-ші жылдан бастап мұнай өнімдерін сатып алуға тыйым салу бар.
«Біз географиялық орналасуына байланысты Еуроодақ ішінде Ресей мұнай құбырына қатты тәуелді елдердің жағдайын ескеруді ұсындық. Осы себепті одаққа мүше елдердің бәрінің шикізатты алу мүмкіндігі болу үшін шаралардың теңдестірілуін қадағалаймыз», дейді Еурокомиссияның ресми өкілі Эрик Мамер.