Қазақстан Республикасы – көп ұлтты мемлекет. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей «Ең бастысы, көп ұлтты Қазақстан халқы келісім мен татулықта өмір сүруде. Біз осы негізде ғана дами аламыз». Республика халқының саны 17 млн. адамнан асты. 130-дан аса ұлт өкілдері бар. Олардың арасындағы келісім мен татулық еліміз үшін шешуші мәнге ие. Саяси тұрақтылықтың тұғыры да сол келісім мен татулық болғандықтан, Президент те, ел билігі де бұл мәселені жіті бақылауда ұстайды. 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясы ұлттық проблемаларды демократиялық негізде шешуге міндеттейтіндігімен ерекшеленеді. Ата Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына құқық теңдігі, нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне қарамастан еркіндік берілген. Бас құжат мемлекеттегі барлық ұлттың теңдігі мен дамуын бірдей қамтамасыз етеді. Республикада қазақ пен орыс театрларынан өзге, ұйғыр, корей, неміс кәсіби театрлары, 500-ден астам ұлттық мәдени ұжымдар табысты жұмыс істеуде.
Бұдан өзге 1995 жылы Қазақстанда ұлттық саясатты жүзеге асыратын, респубикалық және өңірлік, жергілікті ұлттық-мәдени орталықтардың жұмысын біріктіретін теңдессіз қоғамдық институт құрылды. Ол – Қазақстан халқы Ассамблеясы.
Ассамблеяның ұлтаралық келісім мен татулықты сақтауда, нығайтуда маңызы орасан. Біріншіден, ол ұлттық саясат сипатындағы заң жобаларының сараптамасына қатысуға; екіншіден, тіл, мәдениет, салт-дәстүрді жаңғыртуды мақсат тұтқан республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктермен жұмыс істеуге; үшіншіден, съездер, этностар фестивалін өткізуге, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға, Қазақстан этностарының тілінде әдебиеттер шығаруға, шетелдердегі қазақ диаспорасымен қарым-қатынасты нығайтуға және еліміздегі этностық топтардың тарихи отанымен байланысын арттыруға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ел Президентінің ұлтаралық келісімді нығайту бағытындағы бар істері әлемдік қоғамдастық тарапынан қолдау тапты.
Халықаралық деңгейде мойындалған ұйымдар Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынастың үйлесімділігінен үлгі алатындарын айтады және біздің тәжірибені жіті зерттеуге ниетті. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, Қазақстан билігі елдегі барлық этностық топтардың мүдделерін жүзеге асыруда және сол арқылы этносаралық қарым-қатынастардың үйлесімділігін қамтамасыз етуде салиқалы саясат жүргізуде. Сол саясаттың бұлжытпай орындалуы, азаматтық институттар мен ел халқының, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы секілді халықаралық ұйымдардың қолдауы елдегі этносаралық қарым-қатынастың нығая түсуіне көп септігін тигізуде.
Қазақстанда этносаралық қарым-қатынастар саласында іргелі ғылыми-сараптамалық жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда 2013 жылы 28 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ашылғаны маңызды оқиға. Әлемді мойындатқан ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісі жетекші жоғары оқу орнында ғылыми-сараптамалық тұрғыда зерттеле бастады. Кафедраға Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков жетекшілік етеді.
Кафедраның басты міндеті – Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесі мен елдегі ұлтаралық татулық негізін сараптамалық бірлестіктер мен ғылыми құрылымдарды қалыптастыру арқылы іргелі зерттеуді жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени үдерістер тұрғысында этносаясат мәселелеріне байланысты жүйелі зерттелген тұжырым қалыптастыру, этносаяси зерттеулерді әлемдік тәжірибемен салыстыра отырып зерделеу, дамыту.
Кафедраны құрудағы мақсат – әлем тарапынан мойындалған этносаралық қарым-қатынастың қазақстандық моделін барлық аудиторияларда, барлық факультеттерде, түрлі мамандықтарда оқитын студенттерге насихаттауға мүмкіндік беретін ғылыми-методологиялық қорды жасақтау, осы бағыттағы мемлекеттік саясатты түсіндіру үшін депутаттарды, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерін және қоғам қайраткерлерін арнайы шақыртып, барлық курс студенттеріне дәріс оқыту.
Кафедраға жүктелген тағы бір міндет – Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени бірлестіктермен үнемі байланыста болу, шығармашылық ұжымдар мен студенттік қозғалыстардың өзара тәжірибе алмасуына, студент жастардың Қазақстандағы барша ұлттардың мәдениеті, салт-дәстүрімен танысуына мүмкіндік тудыратын кездесулер мен түрлі іс-шаралар ұйымдастыру.
Кафедра – Қазақстан халқы Ассамблеясының басты алаңы, оның ғылыми және саяси құралы.
Сондай-ақ, 2013 жылы ЕҰУ-де ЮНЕСКО кафедрасы да ашылды. Екі кафедраның да мақсат-міндеттері – этносаралық қарым-қатынасты зерттеу және студент-жастарды толеранттылық негізде тәрбиелеу. Кафедра қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін насихаттау мақсатында Астана қаласының жоғары оқу орындарының жастарымен жиі кездесулер өткізіп тұрады.
Бір қуаныштысы, Еуразия ұлттық университетінің аталған кафедрасының тәжірибесін басқа оқу орындары да жалғастырып жатыр. 2014 жылы 1 наурызда, яғни ҚХА құрылған күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде дәл осындай кафедралар ашылды. Алдағы уақытта С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетте, Астанадағы Ұлттық өнер университетінде, Қызылорда, Қостанай және т.б. қалалардың жоғары оқу орындарында осындай кафедралар ашылады деген жоспар бар.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының қызметкерлері ҚХА ғылыми-әдістемелік жұмысын салаландыруға атсалысуда. Мысалға, олар елордадағы ғылыми құрылымдармен, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс істеп, «Этностық толеранттылықтың әдістемелік негіздері» атты анықтамалық жинақ әзірлеуді қолға алды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының алдында тұрған тағы бір үлкен міндет – 2014 жылы 17 қаңтардағы Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында ұсынылған отыздыққа ену идеясына қатысты гуманистік тұжырымдама әзірлеу.
Халил МАСЛОВ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің Қазақстан халқы
Ассамблеясы кафедрасының доценті.
• 15 Сәуір, 2014
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы – толеранттылықты зерттеу орталығы

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше