Қоғам • 06 Мамыр, 2022

«Қазақстан халқына» қоры тағы бір Zolgensma препаратын сатып алды

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан халқына» қоры бағасы қымбат тұратын «Онасемноген абепарвовек» (Zolgensma) препаратының тағы біреуін сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.



«Қазақстан халқына» қоры тағы бір Zolgensma препаратын сатып алды

Қордың мәліметінше, препаратты Қазақстанға Novartis өндіруші компаниясы жеткізген.

«Жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған кішкентай Фирдаус Қайратқа дәрі енгізілді. Қазір балақай анасымен бірге Ана мен бала ұлттық ғылыми медициналық орталығында дәрігерлердің бақылауында жатыр. Бұған дейін емделушіден биоматериал алынып, балаға арнайы дәрілік өнімді әзірлеу үшін Novartis компаниясына жіберілген», деп жазды ұйымнан.

Еске сала кетейік, қор бұған дейін SMA диагнозы бар балаларға арналған төрт Zolgensma препаратын сатып алған болатын.