Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 6,65 теңгеге көтеріліп, 434,47 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 6 мамырдағы ресми бағамы 427,80 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 437,63 теңге, сату - 443,18 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 437,28 теңгеден сатып алынып, 441,71 теңгеден сатылып жатыр.