Эстафетаны өткізуге байланысты Жеңіс даңғылы мен Бигелдинов көшесінің қиылысы (Қаржы министрлігі), Әлия Молдағұлова көшесі, Бейбітшілік көшесі мен Отырар көшесіне дейін сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін жабылады.
Жоғарыда аталған көшелер кезең-кезеңмен ашылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», делінген хабарламада.