Аймақтар • 06 Мамыр, 2022

Қарағанды облысының бас полицейі генерал шенін алды

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин Мемлекет басшысының «Жоғары әскери және арнайы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы» Жарлығы бойынша генерал-майор шенін алды, деп жазады Egemen.kz.

Қарағанды облысының бас полицейі генерал шенін алды

Ерлан Жұмасейітұлы Файзуллин Қарағанды ​​облысы бойынша Полиция департаментіндегі қызметін басшының бірінші орынбасары болып 2018 жылдан бастаған. Ал 2019 жылдың мамыр айынан бері ол Қарағанды ​​облыстық Полиция департаментін басқарып келеді.

Салтанатты рәсімге қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мейрамымен құттықтаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қосып жүрген үлестерінің мол екендігін ерекше атап өтті.