«1 сәуірдегі жағдай бойынша сайлаушылар тізіміне 11 млн 695 мың 439 азамат енгізілген. Қазірдің өзінде республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімін жасауға негіз бар. Оған азаматтардың сәуір-мамыр айларындағы көші-қон динамикасына және олардың берген өтініштерін ескеруге байланысты нақты түзетулер енгізу қажет», деді Константин Петров Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыста.
Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімін әкімдіктер жасайды.
«Референдумның әрбір учаскесі бойынша республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімін тиісті әкім дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын, яғни 15 мамырда акт бойынша референдумның сайлау комиссиясына ұсынады. Дауыс беруге он бес күн қалғанда, яғни 20 мамырдан бастап тиісті сайлау комиссиялары тізімді сайлаушыларға ұсынады», деді К. Петров.