
«Жексенбі, 8 мамыр сағат 02:40-та «Toyota Camry» маркалы автокөлік жүргізушісі Сембинов көшесімен келе жатып, Кенесары көшесімен қиылыста бағдаршамның қызыл түсіне өтеді. Сөйтіп, Кенесары көшесімен келе жатқан «Mercedes-Benz» автокөлігін соғады. Жол-көлік оқиғасынан «Mercedes-Benz» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.
Ведомстводан мәлім еткендей, «Toyota Camry» жүргізушісі мен «Mercedes-Benz» жолаушылары түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.