Қоғам • 08 Мамыр, 2022

Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті өмірден өтті

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті Любов Худов 76 жасқа қараған шағында қаза тапты. Бұл туралы Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ақеркін Ералиева әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті өмірден өтті

«Любовь Николаевна тоқыма өнеркәсібінің патриоты, көп ұрпақтың ұстазы, тігін өндірісінің көшбасшысы болды. Ол өте әдепті, адал, әділ және кәсіби адам еді», - делінген автордың жазбасында.

Худова Любовь 1946 жылы 28 қарашада Түркіменстанның Мары қаласында дүниеге келген. Ташкент тоқыма институтының механика-технология факультетін бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. 2003 жылдан бері Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығын басқарған.