Пікір • 09 Мамыр, 2022

Тарихи бетбұрыс кезеңі

346 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырдағы үндеуінде Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. Бұл қадам Жаңа Қазақстан құру жолында жасалған соны бастама деп есептеймін.

Тарихи бетбұрыс кезеңі

Қазіргі таңда еліміз үшін сая­си жүйемізді түбірімен өзгер­ту қажет. Бұл – халықтың та­лап-тілегі. Қазақстандағы мем­лекеттік басқару ісіне баршамыз араласуымыз қажет. Еліміз­дегі саяси үдеріс түбегей­лі демократиялануға тиіс. Пре­зидент­тің референдум өткізу туралы ұсынысы осыған байланысты деп есептеймін.

Ата Заңымызға өзгеріс енгізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылғаны бел­гі­лі. Солардың бас болуымен Конституцияға енгізі­летін өзге­рістер мен толық­тыру­лар­­дың жобасы әзірлен­ді. Жал­пылай айтқанда, Ата Заң­ның үштен бірі өзгереді. Бұл Конституциямыздың түбегейлі жаңаратынын білдіреді.

Енді осы өзгерістер мен то­лық­­тыру­лардың маған ұнаған тұс­­­тарын атап өтсем. Біріншіден, Кон­с­­ти­ту­ция­ға түзетулер жоба­сын­­да аза­маттардың құқық­тарын қор­ғауға бағыт­тал­ған Консти­ту­­циялық сот құры­лады. Бұл қа­зір­гідей кезеңде өте өзекті болып тұр.

Екіншіден, Президент­тің өкілеттігін жүзеге асыру кезеңін­де, саяси партияларда болуына, оның жақын туыстарына квазимемлекеттік секторда, саяси немесе басшы лауазымдарды атқаруға ты­йым салынады. Бұл маңызды қадам деп есептеймін. Себебі мемлекеттің басшысы белгілі бір партияның мүддесін емес, халықтың қамын ойлауға тиіс. Сондай-ақ оның туыстары лауазымды қызмет атқарса, непотизмге жол ашылады.

Үшіншіден, Конституцияға енгізілетін өзгерістер Парла­менттің жұмысы мен оның сайлау жүйесіне қатысты. Түзетулер «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен ықпалды Пар­л­аменті және есеп беретін Үкі­меті бар президенттік рес­пуб­ликаға түбегейлі көшуді көз­дейді. Мәслихаттардың ықпалы артпақ. Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттары аралас мажоритарлы-пропорционалды түрде сайланады.

Қорыта айтқанда, 5 маусым Қазақстан үшін тағдыршеш­ті кезеңге айналмақ. Осы күн­нен бастап тарихи бетбұрыс жасадық деп айта аламыз.

 

Дәулеткерей РАХМЕТУЛЛИН,

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ төрағасының орынбасары