Спорт • 09 Мамыр, 2022

Балтық жағалауын бетке алады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Алматыда өткен оқу-жат­тығу жиынын аяқтады. Енді олар Еуро­па чемпионатының іріктеу турни­ріне қатысу үшін Литваға аттанады.   

Балтық жағалауын бетке алады

Балтық жағалауында жалауы желбірейтін жарыста жерлестеріміз С тобында өнер көр­сетеді. Қазақстан құрамасының бас бап­кері Анатолий Одинцов соңғы жаттығу жи­ы­нына мына шәкірт­терін шақыртты: Қақ­­пашылар – Назерке Әбіл­хасенова, Юлия Васильева. Қапталдағы ойыншылар – Адиля Вылданова, Лейла Садықова, Ми­лана Ткач, Айжан Әбілғазиева, Елдана Әй­тімбетова, Камила Ақшалова, Данира Ал­қанова, Әсемгүл Аруова, Кристина Федякина, Анастасия Комарова, Замира Қонаева, Зарина Нозимова, Айя Шолақова, Евгения Тузикова және Александра Вербицкая.