Мәжіліс Спикері соғыс майданынан оралмаған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қазақстандықтар КСРО-ның басқа да көптеген халықтары сияқты ортақ Жеңіске жетуге қомақты үлес қосты. Қазақстаннан майданға 1 миллион 200 мыңнан астам адам аттанып, олардың жартысы соғыстан оралмады. 500-ден астам қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды. Оның ішінде Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген ұшқыш-шабуылдаушы, соғыс жылдарында 305 рет әскери шабуылға шығып, жаудың жеті ұшағын атып түсірген Талғат Бигелдиновті ерекше атап өтуге болады.
Биыл Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толып отыр. Аты аңызға айналған қазақстандық ұшқыштың монументі елорданың Сарыарқа ауданындағы батырдың құрметіне берілген көшедегі саябақта орналасқан.
Аяна Тоғанбек