Аймақтар • 09 Мамыр, 2022

Түркістан облысында 21 соғыс майдангері тұрады

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден, ал соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтарға 100 мың теңгеге дейін бірреттік көмек беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында 21 соғыс майдангері тұрады

Бүгінде Түркістан облысында 21 майдангер мен соғыс мүгедегінің көзі тірі. Сондай-ақ өңірде 5125 тыл еңбеккері тұрып жатыр. Ал соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер саны - 154.

Жыл сайын Жеңіс күні мерекесіне орай аталған санаттағы ардагерлерге тұрақты түрде қолдау көрсетіліп келеді. Қазақстан Республикасы бойынша Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға бірдей мөлшерде біржолғы материалдық көмек беру жоспарланып, жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылды.

Осылайша, соғыс ардагерлеріне 1 (бір) миллион теңгеден, соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтарға 30-100 мың теңге аралығында бірреттік материалдық көмек берілуде. Жеңіс мерекесі қарсаңында Түркістан облысындағы білім ұялары мен спорттық алаңдарында патриоттық бағыттағы тәрбие сағаттары, кездесулер мен концерттер ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар жергілікті мекемелер басшыларының және Ардагерлер кеңесі төрағаларының, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялардың қатысуымен майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілмек.

Аяна Тоғанбек