Елорда • 10 Мамыр, 2022

Елордадағы жол учаскелерінің бірінде көлік қозғалысы жабылады

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жүргізушілеріне Б.Момышұлы даңғылындағы жөндеу жұмыстарының басталғанын ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы жол учаскелерінің бірінде көлік қозғалысы жабылады

«Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 9-19 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Абылайхан даңғылына дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады», делінген хабарламада.

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», деп толықтырды ведомстводан.

Аяна Тоғанбек