Оқиға • 10 Мамыр, 2022

Қызылордада 56 жастағы ер адам өзенге батып кетті

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада 56 жастағы ер адам Сырдария өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада 56 жастағы ер адам өзенге батып кетті

Оқыс оқиға 9 мамырда Қызылорда қаласынан 40 шақырымдай қашықтықта орналасқан Көкжиде стансасы аумағында болған.

Кірпіш зауытында жұмыс істейтін 1966 жылғы азаматтың Сырдарияға батып кеткені жөнінде хабар сағат 16:40 шамасында түскен.

«Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан 6 қызметкер 1 техника және 1 моторлы қайықпен барды. Құтқарушылар тарапынан іздестіру жұмыстары басталды. Ол 9 мамырда 20:00 шамасында тоқтатылып, бүгін 10 мамырда 7:30 шамасында қайта жалғасты. Оның мәйіті 14:00 шамасында батқан жерінен 20-25 метрдей қашықтықта табылды», деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Көзді емдейтін құрылғы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Талдықорған түрленіп келеді

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Телефон тәрбиелеген буын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Көмірмен көмкерілген әшекейлер

Кәсіпкер • Бүгін, 07:55

Жаңғырған «Абай»

Театр • Бүгін, 07:50

Көне түркі шежіресі

Жәдігер • Бүгін, 07:40

Ядролық зымыран

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35