«Қамшыбек 6 немесе 2 шілдеде жекпе-жек өткізеді [кәсіпқойда] және бізге, ұлттық құрамаға қосылады. Азия ойындары аяқталғанша, ол осында болады», деді Сәтжанов.
Кәсіби рингтегі соңғы жекпе-жегін Қамшыбек Қоңқабаев (5-0, 4 КО) ақпан айында өткізді. Ол екінші раундта өзбекстандық Фаррух Джураевты (6-6-1, 2 КО) нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Қоңқабаев кәсіпқой бокста алғаш рет 2020 жылы өнер көрсетті, сондай-ақ кәсіпқой және әуесқой бокста алма-кезек өнер көрсетеді.
Аяна Тоғанбек