Жарыстың соңғы күні қазақстандық Айсамал Сансызбаева 87 келіден астам салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстандық ауыр атлет қоссайыс қорытындысында 252 кг (серпе көтеруден – 112 кг, жұлқа көтеруден – 140 кг) нәтиже көрсетті. Бұл салмақта оңтүстіккореялық Хе Чжон Парк 281 кг (120+161) көрсеткішпен үздік шықты.
Тағы бір оңтүстіккореялық атлет Хье Ен Ким қоссайыс қорытындысында 253 кг (108+145) көтеріп, күміс жүлдеге ие болды.
Аяна Тоғанбек