Пікір • 11 Мамыр, 2022

Референдумға қатысу – перзенттік борышымыз

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне қатысты бейнеүндеуі көптің көкейіндегісін дөп басқан маңызды мәлімдеме болды.

Референдумға қатысу – перзенттік борышымыз

«Жолдауда айтылған бастамалардың негізгі мақсаты – саяси жүйемізді түбірімен өзгерту. Бұл халықтың көп жылғы талап-тіле­гінен туындап отыр. Азаматтарымыз мем­лекетті басқару ісіне қатысуға кең мүм­кіндік берілгенін қалайды. Сондай-ақ саяси үде­рісті түбегейлі демократияландыру қажет деп санайды. Мұны тиімді жүзеге асыру үшін Ата Заңымызға өзгерістер енгізу қажет», деген Президент Конституцияның үштен бірі ха­лық қалаған өзгерістер негізінде реформалана­тынын жеткізді. Бұл – ауқымды өзгеріс, ел тари­хындағы аса маңызды қадам болмақ. Бар­лық өзгеріс пен толықтырудың елдің талап-тілегі арқылы жүзеге асатынын жет­кіз­ген Мемлекет басшысы 5 маусымда республи­калық референдум өткізуді дұрыс деп тапты.

Бұл – барлық реформаның елдің пікірі арқылы ғана қолданысқа енетінін білдіреді. Сон­­дай-ақ бұл бастамалар Президенттің өкі­­лет­­ті­­лік­терін күшейтуге емес, ықпалды Пар­ла­мент құру арқылы қоғам үнін ескеретін Үкі­­мет­­ті қалыптастырудың алғышарты екені айдан анық. Қалай десек те алдағы өзгерістер ел та­ри­­­хын­дағы аса жауапты, маңызды кезең бо­­­лары анық. Сөз жүзіндегі емес, халық игілі­гін кө­ре­тін, ширек ғасырдан астам уақытта қол жет­­­кіз­ген құндылықтарымызды қастерлеу ар­қы­­лы жаңа белеске қадам басатын Жаңа Қазақ­­станның болашағы үшін әрбіріміз ре­фе­рен­­думға қатысып, өз таңдауымызды біл­ді­ре­йік. Бұл – біздің азаматтық, осы елдің ер­те­ңіне алаң­дайтын перзенті ретіндегі борышымыз.

 

Бейсен ТӘЖІБАЕВ,

Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы