Еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева «ТОП-40» теннисшіні түйіндеуде. Өзге ойыншыларымыз мынадай орындарды еншілеп отыр: Зарина Диас – 134, Анна Данилина – 342, Жібек Кұламбаева – 498, Гозаль Айнитдинова – 570, Ярослава Шведова – 574 және Екатерина Дмитриченко – 855. Әйелдер арасында польшалық Ига Свентекке тең келер ешкім табылмай тұр. Одан кейінгі сатыларға чехиялық Барбора Крейчикова, испаниялық Паула Бадоса, грекиялық Мария Саккари және эстониялық Анетт Контавейт табан тіреді.
Уақыт озған сайын АТР рейтингіндегі жағдайымыз нашарлай түсуде. Еліміздің ең үздік теннисшісі Александр Бублик өткен аптамен салыстырғанда сегіз сатыға құлдилап, бұл күндері 41-орынды қанағат тұтты. Өзге отандастарымыз мынадай сатыларға тұрақтады: Михаил Кукушкин – 163, Дмитрий Попко – 182, Тимофей Скатов – 193, Денис Евсеев – 337, Бейбіт Жұқаев – 490, Александр Недовесов – 730, Григорий Ломакин – 856 және Достанбек Ташболатов – 911. Ерлер сайысында сербиялық Новак Джокович дара тұр. Ресейлік Даниил Медведев пен германиялық Александр Зверев оны өкшелеп келеді.