Әлем • 11 Мамыр, 2022

Болашақ бағдарламасының қырғызстандық баламасы жасалды

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Ел үміті» (Эл Умуту) халықаралық стипендиясының жаңа бағдарламасын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.



Болашақ бағдарламасының қырғызстандық баламасы жасалды

«Бағдарлама әлемнің 100 жетекші университетінің бірінде магистратура мен докторантураға түскен жас қырғызстандықтарды шәкіртақымен қамтамасыз етуді қарастырады. Биыл әзірге 50 шәкіртақы бөлуден бастаймыз деп шештік. Шәкіртақы мөлшері таңдалған университетке байланысты, бірақ максимум 50 мың АҚШ долларын құрайды. Техникалық және инженерлік салаларға басымдық беріледі, бірақ, сіз экономика және гуманитарлық ғылымдарға да өтініш бере аласыз», делінген Қырғыз президентінің жарлығында.

Еске сала кетейік, 2005 жылы Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы жарияланып, жыл сайын 3 мың жас және талантты қазақстандықтар әлемнің жетекші оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды.

Осы жылдар ішінде 11 мыңнан аса қазақстандық «Болашақ» бағдарламасымен білімдерін жетілдірді.