«Жекпе-жек 21 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді. Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум арасындағы алдағы жекпе-жек WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы «уақытша» титулы үшін өтеді», делінген ұйым таратқан хабарламада.
Бұған дейін WBO Әлімханұлын Деметриус Андраде иеленген орта салмақтағы толық WBO титулына міндетті қарсылас етіп тағайындаған, алайда американдық боксшы оны қорғағысы келмей, WBO-ның бұл категориядағы «уақытша» чемпион атағы үшін Зак Паркермен жұдырықтасу үшін екінші салмаққа көтерілді.