Архивтік құжаттарды тапсыру рәсімі Қазақстан Қарулы Күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайында өтті. Олардың ішінде Б.Момышұлының партия билеті мен большевиктердің Бүкілодақтық коммунистік партиясы мүшесінің есеп карточкасы, 1942 жылы жазылған ББКП мүшесінің тіркеу бланкісі, фотосуреттері және өзге де құжаттары бар. Алексей Бородавкин өз сөзінде биыл екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толғанын айрықша атап өтті.
«Біз – одақтаспыз және доспыз. Қазақстандық достарымызға берілген бүгінгі мұрағаттық құжаттар осы қарым-қатынастың дәлелі», деді елші.
Ендігі кезекте Ресей тарапы Мәскеу және Подольск қаласындағы 11 мыңнан астам әскери құжаттар сақталған мұрағаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беруге дайын.
«Өте құпия» деген белгісі бар құжаттар Халық батыры Бауыржан Момышұлының өмірбаянындағы айтылмай қалған тарихи деректерді ғана емес, Екінші дүниежүзілік соғыс басында Мәскеу үшін болған ұрыста ерлікпен шайқасқан әйгілі Панфилов дивизиясының тарихи ерлігін толтыруға көмектеседі.
Осыған орай, жуырда батырдың туысын Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов арнайы қабылдап, еңбегіне жеміс тілеп, жергілікті билік қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізген.