Елорда • 11 Мамыр, 2022

Елордада 72 адам тамақтан уланды

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Елена Гартманның айтуынша, жыл басынан бері елордада 72 адам тамақтан уланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада 72 адам тамақтан уланды

«Елордада қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтан улану жағдайлары жиіледі. Бұның салдарынан 72 адам зардап шекті. Оның ішінде жасы 14-ке толмаған 3 бала бар. Күн райының жылынуына байланысты тағамды дұрыс сақтамаудың салдарынан улану жайттары байқалды. Тамақтан улану белгілерінің инкубациялық кезеңі 30 минуттан 24 сағат аралығында байқалуы мүмкін. Дегенмен, көп жағдайларда улану белгілері 2-6 сағат аралығында айқын көрінеді. Науқаста жүрек айну, құсу, диарея (іш өту), әлсіздік, ұйқы қашу, асқазан немесе ішек ауруы, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі сиякты белгілер пайда болады. Жалпы сырқаттанудың кезеңі адам ағзасының жасына және жалпы жағдайына, бактериялардың немесе токсиндердің алуан түріне, қабылданған тамақ мөлшеріне байланысты. Ересектерге қарағанда кішкентай балаларда ауру ағымы әлдеқайда ауыр түрде өтетінін атап өту қажет», дейді маман.

Сондай-ақ ол тамақтан уаланған жағдайда өздігінен ем жасау қауіпті екенін еске салды.

«Осыған байланысты, елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды өзін-өзі емдеумен айналыспауға, емдеу курсын тағайындау және ықтимал асқынуларды болдырмау үшін дәрігерге уақтылы жүгінуге шақырады», дейді Елена Гартман.