Әлем • 11 Мамыр, 2022

Өзбекстанда екі адам селге ағып кетті

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 мамырда Өзбекстанның оңтүстігінде нөсер жауынның арты селге ұласып, екі адамды ағызып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

Өзбекстанда екі адам селге ағып кетті

Ведомствоның мәліметінше, 10 мамыр күні сағат 16:00 шамасында Сұрхандария облысының Сарыасы ауданында нөсер жауын салдарынан үш адамды сел шайып әкеткен. Олардың бірі бақташы болса, тағы екеуі Nexia көлігінде отырған. Бақташы жойқын селден құтылып үлгерген, ал көліктегі адамдардың тағдыры белгісіз.

Қазір елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар мен басқа да тиісті бөлімшелер құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, сәуір айында жауған нөсер жаңбырдан Өзбекстанда соңғы 80 жылдағы ең ірі су тасқыны мен сел болды.

Өзгидрометтің соңғы мәліметінше, 9-13 мамырда Өзбекстанның таулы аймақтарында жаңбыр жауады, соған байланысты сел мен су тасқыны қаупі күшейетіні күтілуде.