Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингте 102-орында тұрған америкалық Лорен Дэвиспен өткізді. Бұл олардың спорттық жолындағы өзара бірінші бәсекесі еді.
Бірінші партияда Е. Рыбакина 4:1 есебімен алға кеткенімен, қарсыласы таразы басын теңестірді – 4:4. Дегенмен, Елена тағы бір брейк жасап, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:4. Екінші сетте қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Содан кейін осы басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3. Бір жарымнан сағаттан аса уақытқа созылған матч барысында Е. Рыбакина 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Қарсыласы 2 брейктен (8 брейк-пойнт) аса алған жоқ.
Е. Рыбакина жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишкова немесе рейтингте 29-сатыдағы швейцариялық Хиль Белен Тайхманның біреуімен таласады.
Бүгін сондай-ақ, Юлия Путинцева Римде әлемнің 10-ракеткасы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен ойнайды.