Қостанай қалалық прокуратурасы өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады. Алайда, суицидтің мән-жайы әлі ашылған жоқ.
Қоғам мүддесі бөлімі қызметкерінің өзіне қол жұмсауына жеке басының мәселелері себеп болған деген болжам бар. Тінту кезінде оның көз жұмғанға дейін жазған хаты табылды.
Оның артында әйелі мен кәмелет жасқа толмаған баласы қалды.
Аяна Тоғанбек