Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов және Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығы және жеке құрамымен кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес, сервистік модель негізінде полиция қызметін қалыптастыру және дамыту жұмыстары үшінші мегаполисте қарқынды жүргізілуде. Жиын барысында Марат Қожаев құқық тәртібі саласындағы мәселелерді бірлесіп анықтау және шешу үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтармен тиімді әріптестік қарым-қатынас орнатуына назар аударды. Сондай-ақ, вице-министр сервистік полиция, ең алдымен, мемлекеттік орган жұмысының «қадамдық» қолжетімділігін, ашықтығы мен нәтижелілігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына тоқталды. Бұл бағытта патрульдік полицейлер үшін жол қозғалысы ережелері бойынша емтихандарын өткізу ұсынылды, өйткені жүргізушілер тарапынан бұзушылықтарды анықтау үшін қызметкердің өзі осы ережелерді жақсы білуі керек. Сондай-ақ, Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы сервистік полиция моделін дамытуда полиция қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа да аса көңіл бөлінетінін айтты.
Полицияның сервистік модель бойынша қызмет көрсетуін кеңейту мақсатындағы жұмыс сапары барысында вице-министр қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік тәсілін енгізу жөніндегі қала әкімінің өкімімен құрылған полиция, әкімдік, прокуратура, білім және денсаулық сақтау басқармаларының қызметкерлерінен құрылған ведомствоаралық топтың мүшелерімен кездесті. Топ жетекшісі атқарылған жұмыстар туралы баяндама оқып, пилоттық жоба үшін бірінші аумақ ретінде «МЖК» және «Юбилейный» ықшам аудандары таңдалғанын айтты. Тұрғындармен 22 жұмыс кездесулері, сауалнамалар өткізілген. Жергілікті халықты толғандыратын мәселелер бар 3 мыңнан астам анонимді сауалнама жиналған. І.Жансүгіров көшесі бойында түрлі жұмысшылардың апаттық жағдайдың алдын алу мақсатында түсіндіру сұхбаты жүргізіліп, бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Есепте тұрғандармен жұмыс күшейтілген. Спортшылармен бірлесе «Нашақорлыққа жол жоқ!» науқаны өткізілген. Нәтижесінде пилоттық аумақта тіркелген қылмыстар саны 28%-ға азайған, криминогендік жағдайдың оң бағытта өзгергені байқалған.
Жұмыс сапары аясында министрдің орынбасары мен ІІМ бөліністерінің бастықтары, департаменттің жедел басқару, ахуалдық-аналитикалық орталықтарының жұмысымен танысты.
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар