Аймақтар • 11 Мамыр, 2022

Атырауда соғыс жылдарынан қалған қару табылды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 сәуірден бастап Атырау облысында атыс қаруларын, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өтіп жатыр. Осы арада қала тұрғыны 1892 жылғы винтовка мен соғыс кезінде шыққан тапаншаны полицияға тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда соғыс жылдарынан қалған қару табылды

«Акцияның мақсаты – қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Оның аясында Құрманғазы аудандық полиция бөліміне 8 адам ерікті түрде заңсыз сақталған 9 атыс қаруын сыйақы алу үшін тапсырды. Оның ішінде 1892 жылы шығарылған «Мосина» маркалы винтовкасы да бар. Ал, «Шпагин» пулемет тапаншасы 1944 жылы зауыттан шығарылғаны анықталды. Мұндай ескі қаруларды аталардан қалған көз ретінде сақтап, кейінгі ұрпаққа мұраға қалдыруды көздейтіндер бар. Алайда, бұл - қаруды заңсыз сақтау жолы екенін ұмытпау керек. Заңсыз сақталған атыс қарулар мен оқ-дәрілерді ішкі істер органдарына өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Осы орайда, полиция қызметкерлері адам өміріне қауіп төндіру, зақымдану немесе жарақаттануды болдырмау үшін кездейсоқ табылған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, «102» телефоны арқылы хабарлау қажеттігін қаперге салады.