Оқиға • 12 Мамыр, 2022

Шымкентте отпен ойнаған балалар жертөлені өртеп жіберді

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттік өрт сөндірушілер өрт кезінде 2 баланы құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте отпен ойнаған балалар жертөлені өртеп жіберді

2022 жылғы 10 мамыр сағат 18:45-те Шымкент қаласы Абай ауданы, 4 шағын ауданы Р.Қабылбеков көшесі №25 мекенжайда орналасқан құрылысы бітпеген ғимараттың жертөлесінде өрт болған.

Жертөледе 2011 және 2012 жылы дүниеге келген екі бала отпен ойнап, салдарынан жертөле іші қара түтінге оранған. Жас балалар сыртқа шыға алмай қалған.

Хабар түсісімен тез арада оқиға орнына мамандандырылған жасақ қызметкерлері жөнелтілді.

«Түтінге тұншығып, үрейге бой алдырған балалармен «112» қызметкерлері үнемі хабарда болып, іс-қимылдар тәртібін түсіндіріп отырды. Жедел кезекшінің нұсқау бойынша балалар үстіндегі киімдерімен тыныс жолдарын жауып, барынша түтіннен қорғану амалдарын жасап отырды. Өрт орнына тез жеткен мамандандырылған жасақтың қарауыл бастығы Р. Письменский, аға өрт сөндірушілер Б. Сихымбаев, Б. Лескен, ГТҚҚ аға шебері Ө.Қуантай тез арада қою түтінге оранған жертөлеге кіріп, талықсып жатқан балаларды дер кезінде арнайы тыныс алу аппараттарына қосып сыртқа шығарып, апаттар медицина орталығы филиалының мамандарына табыстаған», делінген Шымкент қалалық ТЖД таратқан хабарламада.

Өрт сөндірушілер 2 баланың өмірін құтқарып қалды. Жертөледе 6 ш.м. қоқыс жанған. Өртті сөндіруге 3 техника, жеке құрамнан 13 адам, апаттар медицина орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.