«Кәмелетке толмағандар арасында өзіне қол салу әрекеттерінің басты себептері ретінде отбасындағы жанжал, жасөспірімдер мінезінің психологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ олардың басқа да адамдармен кикілжіңі әсер етіп отыр. Сондықтан осы проблеманы шешу үшін кәсіби психологтардың жұмысы маңызды. Қазіргі кезде қала мектептерінде 209 психолог қызмет етіп жүр», деді Римма Иманғазинова қалалық мәслихат отырысында.
Ол бір психологқа 850 оқушыдан келетінін айтты. Басқарма өкілінің айтуынша, мессенджерлерде суицидті насихаттайтын каналдарды бұғаттау мен қауіпті сайттарды анықтау жұмыстарын күшейту қажет.
Айта кетсек, 2022 жылдың 4 айында елордада кәмелетке толмағандар арасында суицид әрекеті бойынша 41 факті анықталды.