Үшем 24 сәуір күні дүниеге келген. Дәрігерлер Гүлмира Юсуповаға жүктіліктің 35-ші аптасында ота жасап, кесір тілігі арқылы босандырып алған. Бүгін қалалық перинаталдық орталық ұжымының дәрігерлері үш сәби мен анасын перзентханадан шығарып салды.
Мамандардың айтуынша Айсұлтан, Әлия және Сәфия есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Балалардың салмағы 2000-2470 грамм аралығында болса, бойы 40-42 сантимерден.
Перзентханада 3 аптаға жуық уақыт болған нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған. 33 жасында үшем босанған қала тұрғыны Гүлмира Юсупова бірден сегіз баланың анасы атанды. Ол өзінің жүкті екенін білгенде бірден екі қыз бен ұлды дүниеге әкелетінін білмегенін айтады.
Жыл басынан бері Шымкентте 10 649 сәби дүние есігін ашқан. Оның 5165-і қыз болса, 5484-і ұл бала.