Президент • 12 Мамыр, 2022

Президент 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.